Өлең, жыр, ақындар

Анама

Қайраттанда күштісі сезім екен.
Әрбір жанға керек ғой сезім деген.
Ана сізге тағы да міне балаң,
Жыр арнайды жаралы жүрекпенен.

Бүгін ана ақтарам бар сырымды.
Сырымды мен бөлісіп бір өзіңмен.
Тоқтатпаймын анашым бір өзіңе,
Өлеңімді арнауды жүрегімнен.

Сезім деген ұлықты өзің маған,
Бала кезде берген ең жылуыңмен.
Маған бөлген анашым көңіліңді,
Енді қалай аянам мен өзіңнен.

Өзіңді ана мәңгіге мақтан етем.
Осындай жолға салған, тәлім берген.
Көңіліңе анашым қаяу түспей,
Шаршамаңыз ешқашан күлімдеуден.

Сізден алғам тәрбием бала кезгі,
Сүріндірген жоқ әлі бұл өмірден.
Бағындырып шыңдарды балаңыз жүр,
Атаққа ие бұл күні ақын деген.

Өшпес ана сезімім сізге деген.
Мен сізді жырға қосып сүйіп өтем.
Мен қанша дүниені шарласамда,
Адал жанды таппадым сізден өткен.

Сізге ана өмір бойы қарыздармын.
Дүниеге мендей ұлды алып келген.
Қынжылайды жүрегім әттеген-ай,
Аз-ақ болды ғұмырың жарық көрген.



Пікірлер (2)

керемет

Юрий

Нурлыбек

Жарайсын

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар