Арнау (Ілияс рухына) – Altaialischer

Бұл бетте «Арнау (Ілияс рухына)» атты Altaialischer жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Арнау
(Ілияс рухына )
Озған топтан ақын едің Құлагер,
Жете алмай өз мәреңе құлап ең.
Ақтангерім,Ақыным, Ілиясым,
Терең білдің сұлу жырдың құпиясын.
Өлеңге көңілі құмар, жаны жақын,
Өлеңге арнап еді барын-нәрін.
Қазағыма жырымен шашу шашып,
Қосқан -ды поэмаға жанын-тәнін.
Үлес қосқан әдебиет дамуына,
Жас ұрпақ тәлім-тәрбие алуына.
Әттең бірақ "халық жауы" атанды,
Тартып алды сиқырлы бір қаламды.
Болған еді ақ сұңқары Ақсудың,
Көксегені желбіреуі көк тудың.
Жеттік міне аңсарына ақынның,
Ізін қуып заңғар, алып дарынның.
Қалықтаған қыран едің көк аспанда,
Талмадың, қанат қағып, жыр жазсаң да.
Өкініш - ай, өкініш көп өлеңді
Таппадық, қайран қанша күш салсақ та.
Ұмытпаймыз, Ілияс ата, қорықпа,
Тіпті ақыр заман өтіп болса да.
Жадымызда мәңгі болад тұлғаңыз,
Қанша дауыл, қанша боран соқса да.


Пікірлер (1)

Модератор

Ілмектерді жақшасыз қою керек.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арнау (Ілияс рухына) өлеңінің авторы кім?

Altaialischer — осы өлеңнің авторы.

Арнау (Ілияс рухына) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арнау (Ілияс рухына) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Altaialischer өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арнау (Ілияс рухына) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар