Текті елдің ұрпағымын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық №1ЖББОМ
Алтай Әлішер 10 класс оқушысы


Текті елдің ұрпағымын

Дәстүрі мол, тарихы терең қазағым,
Кіші жүздің батырынан тарадым.
Ұрпағымыз асыл текті хандардың,
Осы жайтқа өлеңімді арнадым

Ата-бабам Керей менен Жәнібек,
Бізді жиып, алғаш хандық құраған ед.
Қалап кеткен іргетасын қазақтың,
Бабаңды бір бар ғаламға мақтан ед.

Одақ құрып, қалмаққа қарсы аттанып,
ҚаҺарлы да құрметті хан атанып.
"Абылайлап"көтерді ала туды,
Хан ұрпағы жазыққа кең таралып.

Абылайдан туған батыр Қасым хан,
Қазақ халқын біріктіріп күш қылған.
Ата Заңын "Қасқа жол" деп шығарып,
Этникасын қазақтың бір арттырған

Абылайдың немересі - хан Кене,
Ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі.
Біріктіріп қазақ халқын бір елге,
Азаттықты әрқашан да көкседі.

Қару алып фашиске жол бастаған,
Әскербасы - Бауыржан менің атам.
Қан өзен боп, оқ жаңбыр боп жауғанда,
Ел қорғаудан ешқашан тайынбаған.

Бауыржанның ізін қуып, дөп басқан,
Қатігезбен, қанішермен алысқан.
Алаңында Алматының күш жинап,
Азаттығын өз елінің аңсаған.

Не аңсады сонда Қайрат ағамыз,
16-сы майшамдарды жағамыз.
Жетті міне қалауына Ағатай,
Бүгін соны мақтанышпен айтамыз.

Осы адамдар биік тұлға біз үшін,
Қан төгісіп, аянбады кім үшін.
Ұмытпағын батырларын қазақтың,
Еңбек еткен, жанын қиған сен үшін.

Мәңгі болад, мәңгілік жадымызда,
Себебі қазақилық қанымызда.
Ұрпағымыз Текті ұлы қазақтың,
Қанмен сіңген қасиет- арымыз да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Текті елдің ұрпағымын өлеңінің авторы кім?

Altaialischer — осы өлеңнің авторы.

Текті елдің ұрпағымын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Текті елдің ұрпағымын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Altaialischer өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Текті елдің ұрпағымын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.