Мен сені жақсы көрдім, білесің бе? – dilnazserikbai

Бұл бетте «Мен сені жақсы көрдім, білесің бе?» атты dilnazserikbai жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен сені жақсы көрдім білесің бе?
Жүрегіме бір сәт құлақ түресің бе?
Жүрегімнің ішіндегі жүрегісің,
Жүрек төрін ұсынғаның әлі есімде.

Қажет емес қымбат Шанель,гүліңде,
Тек қана маған қарап күлімде.
Өмірдің ағысына қарсы тұрып,
Жүрейікші қол ұстасып бүгінде.

Қарамашы ешкімге тек мен барда,
Қызғаншақ қыз қызғанады сізді ғана.
Қызғанад ол,ойнап емес,ойлағаннан,
Жоғалтып алам ба деп қорыққанда.

Болайықшы мәңгілік ажырамас,
Сезімім сізге деген темір қапас.
Бақыттың құшағында әрқашанда
Жүрейік қол ұстасып сезімге мас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар