Екеу-ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Екеу-ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай» атты Фариза Оңғарсынова жазған тіл туралы өлең берілген.

  • 15.07.2016
  • 0
  • 1
  • 9991
Екеу-ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай.
Сен Күншығыс, мен бейне Күнбатыстай.
Бұл үнсіздік қанша күн өмір сүрмек,
жүруші ек қой қайғы да, мұң да құшпай.
Неге, неге осынша алыстадық,
өліп-өшкен жүректі жаныштадық?
Сен отырсың жігіттік өрлігіңмен
иілуге алдымда намыстанып.
Менде ме деп бар кінә, мұңға баттым,
құптамаппын бас иіп, тыңдамаппын.
Көтергендей аспанды мен де отырмын,
нәзік жыныстығымды бұлдап-ақ тым.
Қойшы, жаным, пайда не бұдан ұтқан,
жүдеу тартты дүние, құлазып маң.
Біз екеуіміз "сыймаймыз", несіне онда
татулықты күтеміз мына жұрттан...


Пікірлер (1)

Акжунис Кыдырбай

Олендери керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері