Мысық–тышқан – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Мысық–тышқан» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2424
Қол ұстасып тұрыстық,
Дөңгеленiп айналып.
Екiлене қуысып,
«Мысық – тышқан» ойнадық.
«Тышқан» болып Құралай,
«Мысық» болып мен шықтым.
Қуа-қуа қуалай,
Əбден өзiм тершiппiн.
Мұндай тышқын көрмедiм,
Қашты дейсiң ұшып кеп.
Шаңына да ермедiм,
Жарытпадым мысық боп.
– Тышқан құсап тырбыңдап, –
Десем де, – жəй қашсаңшы!
Құралайым жылтыңдап,
Дейдi: «аяқты бассаңшы!»
Шаршап, бiттi төзiмiм,
Ендi қайтiп ұстармын.
Не болса да өзi бiр
Жүйрiгi екен тышқанның!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері