Ақтөбем – Данагүл Амангелді

Бұл бетте «Ақтөбем» атты Данагүл Амангелді жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақтөбемнің қойнауы қазынаға бай,
Көп көрмесін бірақта мұны Құдай.
Табаныммен жеріңді басып жүріп,
Өзіңе арнамаймын жырды қалай.
Бауырыңда қаншама батыр жатыр,
Сенен щыққан нар жігіт әрбір батыр.
Батырлары қорғаған қара жерде,
Алаңсыз ұрпағы өмір сүріп жатыр.
Көз тартады қаламның әрбір жері,
Баурап алар ғашық қып әр пендені.
Жұбановтың туылған өлкесі бұл,
Арайлы Ақтөбеме не жетеді.
Қаламды жеткізе алман құр сөзбенен,
Жақсы болар меніңше көзбен көрген.
Желмаяға мініп алып келіңіздер,
Болса адамдар жайлы жер іздеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақтөбем өлеңінің авторы кім?

Данагүл Амангелді — осы өлеңнің авторы.

Ақтөбем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақтөбем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Данагүл Амангелді өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақтөбем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар