Ән

Бұл бетте «Ән» атты Бауыржан Үсенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1438
Ән бар еді,
Бір әнім,
Шынайы әнім,
Ұмытып қап әуенін мұңаямын.
Қолтық сөгіп, көсіле шаппаған соң,
Кімге керек кібіртік құр аяңым?
Ән бар еді,
Әнімді неге ұмыттым?
Жарқырап күн, тұратын төгіліп түн.
Қадам сайын қанатқан балтырымды,
Құрбаны боп кеттім бе жөгіліктің?..
Ән бар еді,
Сырлы да, мұңды да еді,
Талай ару тамсанып, үлбіреді.
Өмір жайлы ой толғап өзге жақта,
Өзімді іздеп жүр ме екен, кім біледі?
Ән бар еді,
Иесі мен емес пе ем?
Балдырғанды өлкеде Кенен өскен.
Шошыды ма тірлікпен ғұмырымды,
Жүргенімде өткізіп ерегеспен?
Ән бар еді,
Аққудың сыңсуындай,
Жүрегімді тынбайтын бір суырмай.
Жан-дүниемді сығады сұм өкініш,
Оттан шыққан қып-қызыл шымшуырдай.
Көбелектің көгілдір қанаты еді,
Атасы - нұр,
Ақша бұлт - ана тегі.
Көкірегімнен «әу» десем, аққу емес,
«Қоңыр үйрек» бұл күнде дар етеді.
...Ән бар еді, бір әнім, шынайы әнім,
Ұмытып қап әуенін мұңаямын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән өлеңінің авторы кім?

Бауыржан Үсенов — осы өлеңнің авторы.

Ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бауыржан Үсенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері