Анам барда – Самал Даулетова

Бұл бетте «Анам барда» атты Самал Даулетова жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Анам барда жайқаламын ,гүлденем,
Анам барда қуанышты күйге енем,
Анам барда сезілмейді ауырлық
Анам барда алып ұшам үйге мен.

Менің анам-ерекше жан өзгеден,
Айтқызбай – ақ түсінетін көзбенен,
Менің анам жарқын жүзді ақкөңіл
Тез арада тіл табысар өзгемен.

Анам барда әлі бала сияқтымын,
Анам маған нұрын шашқан шуақты күн,
Анам барда еркелеймін мен оған
Анам барда шаршамаймын,қуаттымын.

Анам барда көңілім жаз жайнаған,
Қамымды әркез уайымдап ойлаған,
Баласы үшін баз кешетін анадан
Артық адам жер бетінде болмаған.

Маған жарық дүниені сыйлаған,
Менің анам-құрметке лайық ,сыйлы адам,
Мен анаммен мақтанамын қашанда
Балаларын жамандыққа қимаған.

Жүрегіңнен мейірімге толы айналам,
Саған қарап,бой түзеймін үлгі алам,
Ақ сүтіңе ақ тілекпен жауабым-
Аман жүрші,ауырмашы сен Анам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анам барда өлеңінің авторы кім?

Самал Даулетова — осы өлеңнің авторы.

Анам барда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анам барда өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Анам барда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар