Жас ақынға – Айжарық Абылқасымов

Бұл бетте «Жас ақынға» атты Айжарық Абылқасымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1902
Ей, жас ақын, мен саған кезек берем,
Кеше мен де аға алдын кесе өтпегем!
Күн-түні мазаланған кеудеңдегі,
Құрметте, өлең-құсты безектеген!

Біреудің бөленсең де алғысына
Біреудің қалып жүрме қарғысына.
Суымен жүректердің қоректенген,
Сатқындық жасай көрме сол құсыңа!

Дүр етсін, көргенде өмір түрін үйрек
Қалғанда қара түнде қиын күй кеп.
Жас ақын, жылап жатқан шақтарда да,
Құсыңа жүрегіңнің тілін үйрет!

Мінезге наркескенді қайрамаса
Болмайды биігіңде байрақ аса.
Сол құсың өз кеудеңде ұя салып,
Ұят қой, өзге бақта сайрамаса!

Ақыл бер, ақ құсыңа арға малып
Әнге қанып , әлденсін таңға қалып.
Көзінде бір сұлудың жыпылықтап,
Құшақта ғұмыр кешсін таңданарлық!

Құдай –ай, сол құсыңды қысып ұста,
Бұл деген баршын шақ қой, іші құста.
Айрылып қала көрме асығыста,
Бар мәні өміріңнің – осы тұста!

Ақындар- ақын емес ұсақтаған,
Дүние – мал ешкімге әлі тұсатпаған!
Сатқындық жасай көрме, Құс – өзің ғой,
Менің де бір құсым бар құшақтаған…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас ақынға өлеңінің авторы кім?

Айжарық Абылқасымов — осы өлеңнің авторы.

Жас ақынға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жас ақынға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айжарық Абылқасымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас ақынға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері