Өлең, жыр, ақындар

Туған өлкем – Балқашым

Туған жерім – қасиетім, ардағым,
Сенсің менің ең аяулы арманым.
Сенде түлеп, қанатымды қатайтып,
Асқар шыңды биіктерге самғадым.

Туған жерім ыстық маған әрдайым,
Сенде жүрсем жүрегімде жоқ уайым.
Жүрегімнен тербеп шыққан алғашқы,
Ән-жырымды мен өзіңе арнайын.

Балқашым – ау, сан қыранды түлеткен,
Сені қанша жыршы-жырау жыр еткен.
Біз де сондай ұрпағыңбыз өзіңнің
Періштедей сүйетін пәк жүрекпен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз