Алматының жаңбыры
Жүрегінде терең жатқан бар мұңы,
Маған ұқсас көрінеді барлығы.
Қапалақтап қар жауатын қаңтарда,
Жауып жатыр Алматының жаңбыры.
Қуанышта қосылатын бастары,
Кездесуге асығатын жастары.
Жүзі жайнап тұрғанымен іші мұң,
Жылап жатыр Алматының аспаны.
Өз тұрғыны жақынындай болмаспын,
Біле тұра ол жаңбырмен сырластым.
Жылап қалдым жұбатам деп ақыры,
Себебі мен сол жаңбырмен мұңдаспын.
Жылап тұрып жыламастай ақталды,
Қасіреті тек ішінде сақтаулы.
Бұл Алматы дәл өзімдей бар жүкті,
Жөн көріпті жүрегінде сақтауды.
Ұқсайды екен тағдырыма тағдыры,
Тым тереңде жатыр екен бар мұңы.
Мына менің көз жасымдай тамшылап,
Жауып жатыр Алматының жаңбыры.
Әсел Орынбасар
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі