Ажалдан қорқып, өмірден қорғалақтама
- 0
- 0
Ажалдан қорқып, өмірден қорғалақтама,
Қорғалақтама, бекерге қалбалақтама!
Қорыққаныңмен қоймайды тура келсе Ажал,
Қарамайды Ажал ешқашан сорға, бақ...
Бұл бетте «Ұлы даланың "жеті қыры»» атты togzhan_tursynkul жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ажалдан қорқып, өмірден қорғалақтама,
Қорғалақтама, бекерге қалбалақтама!
Қорыққаныңмен қоймайды тура келсе Ажал,
Қарамайды Ажал ешқашан сорға, бақ...
Көз сұғыңды қадама жас балаға,
Кездесерсің кездейсоқ масқараға.
Өз теңіңнен іздесей махаббатты,
«Алла асыраған пендесі аш бола ма?..»
Әлди, әлди, әй, бөпем,
Ақ бесігің жайлы екен.
Періште перзент шаранам,
Тамырыма исің тараған.
Менің бір досым әйтеуір әупіріммен,
Ақырын, еппен, тартыссыз, тартынуменен,
Әдіспен ғана, тасбақа аяңмен ғана
Қатардан қалмай келеді малтығуменен.
Модератор
ілмектерді тырнақшасыз жазу керек, bilim2019 деп.