Айға атылма!
Бұл бетте «Айға атылма!» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(әзіл)
Көз сұғыңды қадама жас балаға,
Кездесерсің кездейсоқ масқараға.
Өз теңіңнен іздесей махаббатты,
«Алла асыраған пендесі аш бола ма?..»
Көз сұғыңды қадама тәйірі алғырға,
Тәйірі алғырды бекерге ойландырма.
Өз теңіңнен іздесей махаббатты,
Маймыл болма ойнаған айна алдында.
Ажарың да жақсы ғой, айбатың да,
Қалжыңың да тәп-тәуір, қайратың да.
Адам биік секірмес өз бойынан,
Арыстаным, абайла, айға атылма!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі