Зәулім үй

Бұл бетте «Зәулім үй» атты Бек Байтас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жүрегім-үй, көп емес белмелері,
Кіре қалсам анам күтер- төрде мені.
Сол белмеде қатарласып әкемде жүр,
Кішкентайдан сүйреген ерге мені.

Жанындағы бөлмеде бауырларым,
Бірге туып, бірге өскен жарым жаным.
Ары қарай кіре қалсам ата-әжем,
Қазыналар көркейтетін ауыл нәрін.

Тағы кірсең нағашы жұртым менің,
Маған қия салатын бір күндерін.
Кең белмеге сыймайды көп болған соң
Алашым, бар қазағым ұлтым менің.

Белгілі бұл жандарда азу бары,
Себепшілер мен өлең жазудағы
Ешкімге де есесін жібермейтін,
Бір бөлмеде -жан достарым Қаз у-дағы

Бір бөлмеде айтысады ақындарым,
Бір-бірі үшін қысатын тақымдарын.
Жиналып бірге жүрер әрқашанда,
Бір бөлмеде достарым, жақындарым.

Желкенімді желге де құлатпайтын,
Бір бөлмеде Журфагым сынатпайтын.
Қонақ бөлме бар менің жүрегімде,
Кейбіреулер уақытша тұрақтайын.

Зәулім үйім шынымен жұмақ менің,
Барлығыңа орын бар тұрақ тегін.
Жеке өзімде бөлме бар өте үлкен,
Жалғыз тұрғым келмейді бірақ менің…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зәулім үй өлеңінің авторы кім?

Бек Байтас — осы өлеңнің авторы.

Зәулім үй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зәулім үй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бек Байтас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зәулім үй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері