Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Қара шай

Бұл бетте «Қара шай» атты adletkarimov жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көңілге қаяу, салғанда істер аптығыс
Кеуде де үлкен, болғанда жатып қақтығыс
Ұп- ұзын жолдан бұрылып кірдім кафеге
Қап- қара шайға беретін ылғи тапсырыс
Көздерім маған, дей берді, әне, қарашы
Тәрізді жүрек, тұныпты шайдың самасы
Ып- ыстық суға кетседе еріп толықтай
Көрініп жатыр, көрініп жатыр аласы
Бәрінен де, азғана тыным алшы бір
Тоқтасын енді, жүректен аққан тамшы нұр
Көзіңнен неге, төгілмейді барлығы
Төккендей шығын, қап- қара жерге жаз ғұмыр
Ми кетті сөйлеп, жүректің айтар сыры бар
Тыңдасаң егер, күй сынды келіп құйылар
Қаламда тоқтап, көктемнің қызыл көшкінін
Көзіңе құям, еселеп бәрін. Ұғып ал
Даяршы келіп, ойларым кетті бұзылып
Көп- көрім болған, байланыс біздің үзіліп
Еріндер ғана, дірілдеп теңіз жырларын
Шертеді келіп, дертпенен егіз үздігіп
Дауыспен қатаң, сөйледі маған: қызығам
Қарасам сізге, өзімнен- өзім бұзылам
Келесіз сирек, үнемі қату қабақпен
Біткенбе әлде, жүректе ойнар сіздің ән
Деді де кетті, шай құйып қайта кесеме
Асықпай тұрып, еріксіз шықтым көшеге
Құйып тұр жауын, жоқ еді қолда қолшатыр
Сол жауын менің, кеудемді келіп тесердей
Малмандай болып, жағаға келіп жаттым да
Қарамай лайға, есімін жаздым ақ құмға
Барады тоқтап жүрегімнің дүрсілі
Көзімді жұмып, барамын кетіп ақ нұрға


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара шай өлеңінің авторы кім?

adletkarimov — осы өлеңнің авторы.

Қара шай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара шай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде adletkarimov өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара шай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер