Мен бабаңмын, бабаңмын – Сыпыра Сұрғалтайұлы

Бұл бетте «Мен бабаңмын, бабаңмын» атты Сыпыра Сұрғалтайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.11.2019
  • 0
  • 1
  • 5377
Мен бабаңмын, бабаңмын,
Мен нелерді көрмедім,
Мен қай жерде жүрмедім?!
Әкей хан мен Жәкей хан –
Мұны көрген бабаңмын.
Шына қыздан туған ұл
Сенің бабаң Шыңғыс хан –
Мұны көрген бабаңмын.
Жасар жасым жасадым:
Бір жүз алпыс жасадым,
Шіркеулі деген шаһарда
Тоғыз ханның сарқытын
Бір мәжілісте асадым.
Бұлар өтіп кеткен соң,
Хан Шыңғыстың кезінде,
Бұ жалғанның жүзінде
Он бір патша бар еді;
Еділдің құбыла жағында,
Ханның алтын тағында
Он бір патша болды опат.
Он бір патша алдында
Қобыз алып сөз сөйлеп,
Толғау айтқан бабаңмын.


Пікірлер (1)

ZARINA GULMAMEDOVA

БАРЛЫГЫ ТАМАША ОЛЕНДЕР

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері