Әнім сенсің, Қазақстан! – Салтанат Қарабай

Бұл бетте «Әнім сенсің, Қазақстан!» атты Салтанат Қарабай жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Көк байрағы көк бұлттармен жанасқан,
Нұрын төккен төбемізде көк аспан.
Жер жүзіне аты мәшһүр Отаным,
Тұғырлы елім, ғұмырлы елім, Қазақстан!

Елбасымыз – кемеңгерім, нар тұлға,
Елімізді биіктеткен сан қырға.
Мінезі бар елі үшін қашан да,
Тайсалмайтын нажағайдан, жарқылдан!

Егемендік бізге оңай келмеді,
Шейіт болды талай-талай ерлерім.
Бостандықты ұзақ уақыт аңсаған ,
Еш кетпеді ерлерімнің еңбегі!

Шұғылалы таңы атты қазақтың
Тәуелсіздік! Егемендік – ғажап күн!
Мақтанышпен айта аламын, бүгінде
Бодан емес, Азатпын!

Елбасының еңбегі жол бастаған,
Мақтанышы елімнің нұрлы астанам!
Туған елді ардақтап, аялайтын,
Мен қызыңмын ерекше жыр бастаған!


Пікірлер (1)

Нурдаурен

Бул керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әнім сенсің, Қазақстан! өлеңінің авторы кім?

Салтанат Қарабай — осы өлеңнің авторы.

Әнім сенсің, Қазақстан! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әнім сенсің, Қазақстан! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әнім сенсің, Қазақстан! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар