Өлең, жыр, ақындар

Ұлы ақын-Абайым

Жырға қосып,Атырау,Алтай арасын
Абай-дана,ойшыл әрі дарасын
Ақындықтың іргетасын қаладың
Әнге қостың,қазақтың байтақ даласын.

Ел басқардың,он үште отау жасында
Әкеннен біліп,үйрендің жүріп қасында
Сөздерін өткір,жүрекке тиер мәні бар
Жарып шығар туған жердің тасын да.

Сыни қарап жақсы менен жаманға
Қарасөзді арнап едің қазаққа
Тәрбие көрсін,үйренсін бәрін білсін деп
Ой тастадың,қазаққа бірдей жалпыға.

Бес дұшпанды атап едің өлеңде
Мына ұрпақ соны неге көрмей ме?
Бес асылды атап едің негіздеп
Қазағымыз сол жолменен жүрмей ме?

Ән арнадың,ұрпағым айтып жүрсін деп
Сол әнімен тарихты еске алсын деп
Жинадың бойға асыл қасиеттерді
Қазағым бар әлемге үлгі болсын деп.

Әр қазақтың жүрегіңде қалдыңыз
Тәрбиелілікті,міне еске салдыңыз
Ұлы ақын Абай болып қазақта
Шоқ жұлдыздай,жарқырап бір жандыңыз.







Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар