Мақпал шер – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Мақпал шер» атты Мақпал Жұмабай жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Біздің жұртта бар еді бір даралық,
Қазақтардың жаны мәңгі – далалық.
Дала иісін ұмытқанда – ұрындық,
Дала мұңын ұмытқанда – жығылдық.
Тұлымшағы желкілдеген өрім қыз,
Парасатқа жеткен күнді көріңіз.
Сол аруың атқа қонар Тұмар боп,
Тауларды да күзетеді ұлар боп.
Жаңғырығы, жаңғырығы сананың –
Туған жерге келері анық Жаңа күн.
Шартарапты шарлап жүрген жаралы
Ойдың бәрі ақиқатқа барады.
Мақпал шердің көмейінен шыққаны...
Еркіндігің екендігін ұқ, қані!
Басқа айтсын тіршілігін былайғы
Сенің жаның елің үшін жылайды!
Сенің жаның елің үшін жылайды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақпал шер өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Мақпал шер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақпал шер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мақпал шер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері