Мыңжылдық тарихы бар Маңғыстауым – Гүлжайна Байходжаева

Бұл бетте «Мыңжылдық тарихы бар Маңғыстауым» атты Гүлжайна Байходжаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Туған жерім,Маңғыстауым ауылым,
Қасиетті топырағың,бар бауым.
Маңғыстауда кіндік қаным тамған жер,
Киелі өлкем,маңғаз далам ,туған жер.

Маңғыстауым тарихың терең-тереңде,
Сендей тарих кездеспеген əлемде
Жан дауасын берген үшін арнайы,
Кіші жүздер мекен еткен бұл елде.

Кереметтей аспанымның құстары,
Бұлбұл əуен құлағымда ұшқаны
Киелі күш Маңғыстауға құрған жай,
Аспанымның астындағы мұражай

Жеті жұрт келіп,жеті жұрт кеткен Маңғыстауға,
Қасиетін соншалықты бұра алған ба?
Мыңнан асқан тарихтың көздерімен
Нағыз шыншыл деректер құралған ба?

Туған жерін даттай алмас ешкімге,
Маңғыстауым тарихыңды бес күнде.
Киелі жер,қасиетің өзіңнің,
Маңғыстауым мекенісің көзімнің

Маңғыстауым қызғалдақтар мекені,
Барлық əлем тамсанғанын біледі
Тарихыңды үйренген жан өзіңе,
Таң атқаннан түн батқанша келеді.

Баба көзі тарихпенен үндескен,
Кең даланың даналығын күн дескен
Алыстағы сонау қырат үстінен,
Тарих күші мəңгілікке бірлескен.

Кешегі күн Маңғыстаудың ұраны,
Əрбір жаның Маңғыстаулық ұланы
Өткеніңді сезу үшін бар жоғы,
Таза жүрек,тазалықтың тұрағы.

Пенде үшін Маңғыстаудың бұлағы,
Туған кіндік тарихына бұрады
Мəңгі жанын туған жері аралап,
Жүрегіне жылу үнін салады.

Маңғыстаудың жаны үйге толады,
Өз күшімен тарих сəні қонады.
Мың жылдығың көркем əнін арқалап,
Сонау ғасыр тарихыңда тұрады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мыңжылдық тарихы бар Маңғыстауым өлеңінің авторы кім?

Гүлжайна Байходжаева — осы өлеңнің авторы.

Мыңжылдық тарихы бар Маңғыстауым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мыңжылдық тарихы бар Маңғыстауым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжайна Байходжаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мыңжылдық тарихы бар Маңғыстауым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар