Абайға арнау /175жылдығына орай/

Бұл бетте «Абайға арнау /175жылдығына орай/» атты Арайлым Жаксылыкова жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Дүниенің көзін аштың өлеңменен,
Өзің жайлы жыр толғаумен келемін мен.
Әуен толы жүректерді тербеткен,
Қымбатты да, қасиетті, кемел ең.
Жоғын жоқтап халқыңның, барын мақтап,
Жауды өнеге өлеңмен жапалақтап.
Тарихқа сонау жылғы үңілсек те,
Тұрады Абай бүгінге шапалақтап.
Өмірдің болса дағы қақпайлары,
Жұртыңның жатыр әлі атпай таңы.
Астарын жырларыңның ұқпаса да,
Әр адам сөздеріңді жатқа айтады.
Абай-бабам, табынар, жыр-тірегім,
Поэзияңмен жүректерді түртіп едің.
Жарып өтіп надандық қара бұлтын,
Көк аспанда бақыт боп күркіредің.


Пікірлер (1)

Ақбала

Жарайсың

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абайға арнау /175жылдығына орай/ өлеңінің авторы кім?

Арайлым Жаксылыкова — осы өлеңнің авторы.

Абайға арнау /175жылдығына орай/ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абайға арнау /175жылдығына орай/ өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Абайға арнау /175жылдығына орай/ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер