Жырға наз – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Жырға наз» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2264
Ұзақ таңға ілінбейді көзім бір,
Жалған емес, шын ақиқат сөзім бұл.
Бала күннен сырлас болған, өлең-дос,
Енді ұятқа қалдырсаң да, өзің біл.
Еліктіріп шөп сыбдыры, құс әні,
Қиялымның қаршығасы ұшады.
Жанарымды паң көркімен тұсап aп,
Аймалайды табиғаттың құшағы.
Жұдырықтай жүрегімді нұр аптап,
Сайрап жатыр арман жолы бір аппақ.
Өзіңе тән махаббатпен, жалынмен,
Қалшы мәңгі көкірегімде тұрақтап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері