Дiрiлден шошып өз демiмдегi – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Дiрiлден шошып өз демiмдегi» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1155
Дiрiлден шошып өз демiмдегi,
барамын үркек болып тым.
Мен сенiң аңқау сөздерiңдегi
ақиқаттардан қорықтым.
Елеңдеп тұрған елiгiм, менi
өртедi қайтып өшкен мұң.
Бiр маған деген сенiмiңдегi
балалығыңнан сескендiм.
Өмiрдiң тербеп жаңа арынды әнi,
келген-дi сенi ерке еткiм.
Мен сенiң мұңды жанарыңдағы
пәк сезiмдерден селк еттiм.
Ұмытып тiрлiк күйбеңiн,
iсiн,
бiр саған тiктiм көзiмдi.
Сен менi шексiз сүйгенiң үшiн
кiнәлап жүрмiн өзiмдi!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері