Жан-жануарлар мен құстар әліппесі – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Жан-жануарлар мен құстар әліппесі» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Чч
Ч жоқ қазақ тілінде,
Тіпті аң-құстың бірінде!

Шш
Секеңдейді ШЕГІРТКЕ,
Қос қолында секіртпе.
ШЫМШЫҚ шыр-шыр қағады,
Балапанын бағады.

Щщ
Түстікке ЩУР ұшпайды,
Теріскейде ол қыстайды.

Ъъ
Келмес тобын бөлгісі
Жүгіргенде, ұшқанда.
Жоқ АЙЫРУ БЕЛГІСІ
Ешқандай аң-құстарда.

Ыы
Сүтін ішіп МЫСЫҚ тұр,
Екі Ы-ны қысып тұр.
Тынбай ШЫБЫН ызыңы,
Естіп тұрмыз біз Ы-ны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері