Көк ту – Оразбай Байбақұлы

Бұл бетте «Көк ту» атты Оразбай Байбақұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.12.2019
  • 0
  • 0
  • 4623
Тамашалап қайтуға
Астанаға барғанбыз,
Тіл жетпейтін айтуға
Одан әсер алғанбыз.

Білмедім жол есебін
Айнымаған тақтадан,
Қос қанаты көшенің
Үйлер екен қаптаған.

Өскен қала аршынды,
Керемет деп айтар ек,
Ұшар басы шар сынды,
Қандай ғажап бәйтерек.

Сәтті өткіздік сапарды,
Көрмегенім қалды ма,
Анам ертіп апарды
Ақорданың алдына.

Шағылардай күн көзге,
Көңіл, шіркін, тоқ бүгін,
Сонау-сонау күмбезде
Желбіреп тұр көк туым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк ту өлеңінің авторы кім?

Оразбай Байбақұлы — осы өлеңнің авторы.

Көк ту өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк ту өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оразбай Байбақұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк ту өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері