Тұңғыш құрбан

Бұл бетте «Тұңғыш құрбан» атты Міржақып Дулатұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мынау кім жатқан, әлеумет,
Жас қабірді жамылып?
Мұнша ардақты кім еді?
Тұрсыңдар бәрің жабығып?
Жалғызы ма еді бұл елдің,
Құрметтейтін жабылып?
Бек пен бидің бірі ме еді,
Жылардай жұрты сағынып?
Ханзада яки сейіт пе?
Қарашы шулар қамығып?
Жоқ, әлеумет,
Бұл жатқан:
Жалғыз да емес,
Бай да емес,
Би де емес,
Бек те емес,
Сейіт те емес,
Хан де емес.
Бусанып жатқан жас қабір...
Иесін мұның айтайын:
Мақсаты ұлттың жолына
Туын ұстап қолына,
Жас ғұмырын пида еткен,
Жар-жолдасын күйзелткен,
Алаштың адал баласы,
Армансыз өлген данасы,
Жүректен жалғыз оқ тиген.
Жаза баспай дөп тиген,
Алаштың бұл құрбаны -
Аяулы жолдас Қази жас,
Қош, бауырым, жолдасым!
Армансыз сенің өз басың.
Қабыл болып құрбаның -
Алашты құдай оңдасын...


Пікірлер (1)

Жанайым

Өте аянышты

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұңғыш құрбан өлеңінің авторы кім?

Міржақып Дулатұлы — осы өлеңнің авторы.

Тұңғыш құрбан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұңғыш құрбан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Міржақып Дулатұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұңғыш құрбан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері