Қазақ елі – Amangul Duisenova

Бұл бетте «Қазақ елі» атты Amangul Duisenova жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Тәуелсіз елміз,тұғыры биік,
Жаратқан жарылқаған өңде киік.
Осындай "Арайлы асқақ елдің"
Қәзіргі жағдайы нендей кейіп?

Әуел бастан "тіл" түсті тартысқа,
Жалтақтаумен бет бұрды Батысқа.
Шет елдік тілдерді ұлықтап,
"Қазақ тілі" ұмытылды бір тұста!

Айта берсең кемтігіміз аз емес,
Бұрыңғы айбынды ел,әсте елес.
Қәзіргі хәлімізге қарағандар-
Абылай,Абайлардың ұрпақтары демес!

Саясатта олақтау,ақсап тұр,
Шенділер отырғандай төрде құр.
Саясатты ойламайық десек те,
Ентелейді төбемізден,қара бұлт,түсі сұр!

Су алады көктемде маңайды,
Ебін тауып халық өзі жамайды.
Шенділердің алдына барып өтінсең,
Өздерін мылқау,соқыр,кереңге санайды!

Енді,жұмыссыздық жалау болды,
Талайлардың амалсыз байлап қолды.
Шарасыздық жасатып,түрлі амал,
Жастарым қылмыскер,жастай солды!

Бұлайша біз қалай өркендейміз?
Болашақты қалайша көркем дейміз?
Ел тағдырын толғанып,ойлауменен,
Қайғыдан ішіп ірің,желім жейміз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ елі өлеңінің авторы кім?

Amangul Duisenova — осы өлеңнің авторы.

Қазақ елі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ елі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қазақ елі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар