18 жасым қош келдің! – Шұғыла Испанова

Бұл бетте «18 жасым қош келдің!» атты Шұғыла Испанова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мен туыппын қыстың қырлы ызғарында,
Өлеңіммен бейнелеп сызғаным ба ?
Көркем мінез негізі болса керек ,
Қыс айында туылған қыздарында .

Он сегізге толдым деп күліп жүрмін,
Уайымсыз тəтті өмірді сүріп жүрмін .
Аллаға сансыз мадақ , шүкіршілік,
Əр таңымның шұғыласы болып жүрмін.

Шұғыла деп қойыпты ғой атымды,
Болайыншы мен бір жанда ақылды .
Ата-анамның арқасы ғой бəрі де ,
Əкелген осы дүниеге , тағы да бір ақынды.

Мен бір жанмын кейде өзімді түсінбейтін,
Не болсада ешбір мінез күрсінбейтін .
Өмірдің маған берген сынағына ,
Жамандықпен бəрі кетсін, құрсын дейтін.

18 ге толдым деп кермеймін мен арқамды ,
Алып шықтым ортамызға өлең деген балтамды .
Осы жаста ақша емес сауапқа ,
Толтырсам дейм(ін) үлкен қылып қалтамды .


Алла маған жиып берсін сабырды ,
Болайыншы барлық жерде қадірлі .
Жаратқан кешіре гөр күнəмді ,
Ұмытқам жоқ барар жерім қабірді .

Көзім көрер, көріп жүрмін тау-тасында
Қол-аяғым басып жүр жартасында
Бүгін де он сегізге толғаным да ,
Тек қана бір Алланың арқасында .


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

18 жасым қош келдің! өлеңінің авторы кім?

Шұғыла Испанова — осы өлеңнің авторы.

18 жасым қош келдің! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

18 жасым қош келдің! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шұғыла Испанова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

18 жасым қош келдің! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар