Өлең, жыр, ақындар

Ауыл. Сағыныш. Сезім

Кең далам,көк шалғынды ауылым,
Ыстық-ау бір мен үшін дауылың.
Біле білсең ол жерде бауырым,
Өткізген талай ақын дәуірін.

Аунап талай құмы менен шаңына,
Ғашық болдым арайланған таңына.
Асық болдым жеткенше оның маңына,
Түтіні оның ыстық-ау менің жаныма.

Ойнақтаған қозысы мен тайлағы,
Бұзылмаған сүттей ұйып қаймағы.
Нұрға толған қуанышпен аймағы.
Адамдарын мақтан етем жайдары.

Көз тастасаң сонау жатқан қырларға,
Үңілесің атам айтқан сырларға.
Сағынышқа толы сезім тұнатын,
Талай ақын жырлап өткен жырларда.

Сағынамын бала шақты,бал шақты,
Ауыл таңы жанымды да аңсатты.
Сол ауылда тай құлынмен тебісіп,
Әкем менің өткізген әр шақты.

Ақ жаулықты әжем айтқан ертегі,
Заманының аңыз сырын шертеді.
Сенім артқан бала құлын ержетіп,
Болады деп болашағым , ертеңі.

Ұмытпа балам, өзің туған ауылды,
Ауыл деген ақ көңілді қауымды.
Тағылыммен сол ауылдан көгеріп,
Көркейтерсің өмір атты бауыңды.

Көне көз, ақ жаулық қариялар,
Ақыл айтар ақ сақал дариялар.
Байлығың да, бәрі де сол ауылда,
Ырысың да ынтымағың бақ ұялар.

Берекелі бауға толған бақшаңда,
Бозара атқан ақ сәулелі ақ таңда.
Барлығы да бәрі де сол ауылда,
Сатып алмас ешбір сенің ақшаңда.

Атам өнген киелі қара шаңырақ,
Қалмасын деп ізсіз, түссіз қаңырап.
Кенжесіне болған әулет аманат,
Сақталған сол ауылда-а-а молырақ.

Ауылым менің қасиеттім нұр тұнған,
Мақтанады балаң сен деп сыртыңнан.
Кеудеде кернеп өзіңе деген сағыныш.
Өзіңе арнап жыр жазайын алқынған.

Қалада қанша сайран сал,мейлі,секеңде
Сағыныш тұрар ауылға деген бір сенде.
Тынымсыз тірлік қажытып сенің жаныңды.
Ауылға деген лүпілдер жүрек кеудеңде.

Ауылда тыныш жай табарсенің жаныңда,
Ауылда қалған қасықтай бабам қаныңда.
Қалада атқан ақ таңың шулы,шырайлы
Дым емес ау ауылдың ғажап маңында.

Қаланың күйбең тірлігінен мен қажыдым,
Ауылдан алған көп еді менің азығым.
Жолымды тауып,биікке қанша ұшсам да,
Сол ауылда қағылар түп қазығым.


Ауыл кие,ауыл алтын бесігің,
Сол ауылда ашқам дүние есігін.
Қанша қырды ассам да ауылым,
Жүрегімде қалар мәңгі есімің.

Аяқ басам атам жүрген іздерге,
Үлгі болған әрбір сөзі біздерге.
Қара шалғы жетелеп сол жолдармен,
Жүруші еді солғын тартқан күздерде.

Мамыражай жаздың ыстық күнінде,
Шешек атқан қырда қызыл гүлімде.
Ақ самаурын қайнатқан ақ әжем,
Отырушы ед киіз үйдің төрінде.

Мирас болған ақ самаурын анама,
Мұра болар ертең менің балама.
Ақ жаулықты анам құйған ақ шайдың,
Ұмытуға дәмін айтшы бола ма?!

Жасыл желек,көк шалғынды жайлауы,
Береке мен бірліктің ол аймағы.
Төрт түлегі түлеп жатқан ауылым,
Ойнақтаған қозысы мен тайлағы.

Сақталған сол ауылда салтымда,
Ақ көңіл қасиетті халқымда.
Қазақ отын өшпестей тұтатқан,
Тең келмес теңіздегі алтынға.

Қонақ десе Құдайдай сыйлайтын,
Көңіліңді қалдыруға қимайтын.
Ағайынның басын қосып тойында,
Туыстарын тарыдай бір жинайтын.

Төрт түлігің қасиетті,киелі.
Киесіне халқым басын иеді.
Ақты төкпей сыйлаған дана қазақ,
Ұрпағының санасына түйеді.

Ауыл деген тал бесігің тамырың,
Тағылымнан бастау алған жарығың.
Ұмытпасаң түбің шыққан тегіңді,
Биік болар жұлдызың мен тағдырың.

Кешқұрым масаменен таласып,
Кетуші едік ойын қуа қыр асып.
Риза боп атам шыққан қырларға,
Отырушы еді әжетайым қарасып.

Әжем тоқып қазақтың текеметін,
Үйреткен қолөнер кереметін.
Бар немере жиналып ауылға,
Шат-шадыман қуанышқа кенелетін.

Қызылорда шалғайының қызымын,
Ауылдың көріп – өскен қызығын.
Нағидай қала іспеттес ауылмен,
Мақтанатын қазақтың бірімін.

Аунадық сол ауылдың көліне,
Не жетсін ыстық ауа шөліне.
Түлеп жатқан төрт түлікті қызықтап,
Таласушы ек мен барам деп төліне.

Ақ жаулық,ақ көңіл әжелерім,
Дәмі кетпес тілімнен көжелерің.
Еркелетіп,ізінде немересін,
Деп жүретін балапан шөжелерім.

Ауылым менің бәрінен биік тұғырың,
Ұзақ болғай ғажап та әркез ғұмырың.
Көркейе бер тек алға қарышта,
Лайланбасын өзен-көлдей тұнығың.

Өзіңе арнап жыр жазады құлының,
Сен дегенде желбірейді тұлымым.
Жерін,елін сүйетін ақ жүрекпен,
Алланың мен де ақын деген құлымын.

Жанға дауа қымыран мен қымызы,
Бүршік атқан ала таңда қырмызы.
Сол ауылда түлеп ұшқан бүгінде,
Қазақтың ақыны да жұлдызы.

Ауылдың сүйем,жұлдызды жарық түндерін,
Ауылдың сүйем қызыққа толы күндерін.
Ауыл деп етем еңбекті,
Мініп жатсам мансаптың биік мінберін.

Ауылым менің кіндік қаным тамған жер,
Оттан ыстық маған арман болған жер.
Балалықтың бал дәмі,
Өзіңде мәңгі қалған жер.



Пікірлер (3)

Модератор

Сайысқа қосу үшін bilim2019 ілмегін қосу керек. Ілмектер үтір арқылы қойылады.
Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - деген жазуды басу керек (жазудың үстіне).
Қаламды басып өңдеуге болады.

Улпан Тажибаева

Жыр жолдарын жөндейтін қаламды қай жерден табуға болады?

Модератор

Өлең тақырыбының тұсында, оң жағында болады. Сайтқа кіргеннен кейін пайда болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз