Əке-Ана
Қорғаштап өмір дейтін сында бізді,
Жүрдіңіз,еңкейтпестен тұлғаңызды
Əкетай,дейміз сізге жүз жасаңыз,
Ақ тілек тағыңызда жырдан ізгі.
Өмірде талай асу алынғаны,
Бақыттың оты бізге жағылғаны.
Бір сіздің еңбегіңіз екен, Əке,
Бүгінде ойлап тұрсақ-соның бəрі.
Біз үшін өткен талай жылдарыңыз,
Жатыр ғой сол өмірде, тұлғалы із.
Əкелік мектебіңізден тəлім алған,
Бұл күнде өзі де Əке ұрпағыңыз.
Аяулы жан Анамыз байлығымыз,
Тəлім берген жүрегінің алтынымыз.
Тоғыз айдың ішінде дамылдамай,
Қорғап келген біз сіздің тай құлынбыз.
Анашым,сіздей көңіл жайнаған біз,
Үйреткен жақсы-жаман дүниені сіз.
Үлгі берген болашақ тағдырыма,
Ең асыл,қамқоршы жан бір өзіңіз.
Қанша бұзық,тентек жан болсақта біз,
Төзіп келген Анашым көңіліңіз.
Нəп-нəзік мейірімді үніңізбен,
Ақ жүрек төккен бізге жылылық із.
Өмірде үлгіміз де Əкем-Ана,
Перзентіне таусылмас тұлға,дана.
Сол тұлға,сол мінезден аласармай,
Біздерге əуен болған-Əке-Ана.
Əлі де биік болсын жұлдызыңыз,
Арналған перзенттерден бұл-жырымыз.
Жүрсеңіздер аман-есен алдымызда,
Тілейміз соны бүгін Əке-Ана!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі