Оразаң қабыл болсын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Оразаң қабыл болсын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 1
  • 6242
Оразаң қабыл болсын, мұсылмандар,
Аллаға мойынды шын ұсынғандар.
Алла шын мейірімді, кешірімді,
Күпірлік жасасаңдар, қысылмаңдар.
Өмірде талай күнә жиғаның бар,
Ораза, намазың бар, иманың бар.
Аллаға шын ықылас ұйғарыңдар,
Бәрін де кешіреді, иланыңдар.
Айың бұл қасиетті Рамазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.
Бірі бұл мұсылмандық бес парыздың,
Күтесің мол мейірім бір Алладан.
Отыз күн оразаның сауабы мың,
Аспаннан ақ шұғыла жауады нұр.
Сыбырлап періштелер құлағыңа,
Жүрегің желкен болып қағады бір.
Сауабын оразаның білдің бе сен?
Бір күні қарапайым мың күнге тең.
Аллаға ақ пейілмен ниет қылсаң,
Болады жүмаққа еркін кірдім десең.
Ораза ермегі емес еріккеннің,
Немесе, бой көрсетіп желіккеннің.
Үмметі Мұхаммедтің болған күннен,
Мұсылман хақ жолымен келіпті елім.
Құдайға шүкір, содан мұсылманбыз,
Аллаға мойынды шын ұсынғанбыз.
Ақ көңіл, ақ ниетті, ақ тілекті
Аспанға көгершін ғып ұшырғанбыз.
Келеміз содан бері ақ жолымен,
Құранда көрсетілген хақ жолымен.
Ораза – тазарудың шын белгісі,
Бойдағы күнәлардың бар-жоғымен.
Оразаң қабыл болсын, мұсылмандар,
Аллаға мойынды шын ұсынғандар.
Алла шын мейірімді, кешірімді,
Күпірлік жасасаңдар, қысылмаңдар.
Өмірде талай күнә жиғаның бар,
Ораза, намазың бар, иманың бар.
Аллаға шын ықылас ұйғарыңдар,
Бәрін де кешіреді, иланыңдар.


Пікірлер (1)

Еркебұлан Т

Бұл «Оразаң қабыл болсын» өлеңі қасиетті Рамазан айында ораза тұтудың рухани мәнін терең жеткізетін жүрекке жылы тиетін поэтикалық туынды. Поэзияда ораза — тек физикалық аштық емес, Аллаға шынайы ықылас пен иманның белгісі ретінде көрінеді. Ақын мұсылманның жүрек тазалығы, ниет және жақсылықтарға ұмтылу керектігін әсерлі тілмен жырлайды. Осындай шығармалар оқырманға ораза мен құлшылықтың маңызын түсінуге, имандылықты бағалауға және Рамазанның рухани қадірін терең сезінуге мүмкіндік береді. Ораза ұстап жүрген әрбір жанның тілегі қабыл болсын!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оразаң қабыл болсын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Оразаң қабыл болсын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оразаң қабыл болсын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оразаң қабыл болсын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері