Əлдекімге

Бұл бетте «Əлдекімге» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 658
Əлдекімге
Сен екенсің серігім, сергелдеңім,
Терезеңе ешкімді теңгермедім.
Қара жерде қаңбақтай қаңғып жүрсем,
Хал-жайымды сұрарсың желден менің.
Сен екенсің серігім, сергелдеңім,
Елсіз, емсіз елесің енді ермегім.
Көкбөрімен алысып арлан басым,
Шетте жүрген шенеусіз шерменде едім.
Сен екенсің серігім, сергелдеңім,
Қыр соңымнан қыддиып ерген менің.
Қу басымда əкеңнің құны бардай
Неге сонша елірдің, ербеңдедің?
Сен екенсің серігім, сергелдеңім,
Көрді қайдам, қалып тұр төрден көңіл...
Хабарыма зар болсаң алда-жалда,
Хал-жайымды сұрарсың елден менің.
...Сен екенсің серігім, сергелдеңім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Əлдекімге өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Əлдекімге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Əлдекімге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Əлдекімге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері