Қыз ары – Қуандық Жолтай

Бұл бетте «Қыз ары» атты Қуандық Жолтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түңгі клубта секеңдеген қарындас,
Түңгі өмірді серік қылып айрылмас.
Ойын-күлкі, сауық сайран құрумен,
Еш уайымсыз, сән салтанат қылумен.

Зымырайды зуылдаған күндерің,
Уақытыңның қадірінде білмедің.
Жастық шақтың қызығына бөлендің.
Бұл жалғанның ақ, қарасын көрмедің.

Арлануды ұят көрдің, ұмыттың,
Жігіт үшін, жанжалдастың, жұлыстың.
Байлығына, ақшасына қызықтың,
Айтшы осыдан сонда өзің не таптың.

Өз тіліңде сөйлеугеде арландың,
Өзге тілде сөйлегенге мақтандың.
Ғаламтормен, теледидар, әуенмен,
Ой санаңды тұншықтырып, уландың.

Батыс салты мықтап енді қоғамға,
Әсер етті кәрігеде, жастарға.
Алдап, арбау, зорлық, қорлық көрсету,
Үйреншікті іс болғандай адамға.

Түңгі клубта секеңдеген қарындас,
Қадамыңды мың ойланып анық бас.
Дақ түсірмей қазақ қызы атына,
Үлгі болып ел жұртыңа, халқыңа,

Қазақ қызы тәрбиелі, ибалы,
Қазақ қызы инабатты, сыпайы.
Қазақ қызы сымбатымен, сәнімен,
Тамсандырар, сүйсіндірер талайды.

Қазақ қызы Әлия мен Мәншүгім,
Қазақ қызы Баян сұлу, Жібегім.
Қайсарлығын қан майданда танытқан,
Тектілігін анасынан дарытқан.

Қыз қорланса, ар намысы тапталса,
Жай отырмай арандатар дұшпанда.
Ер мінезді жігіттерім бар болса,
Қара көзден мөлдіреген жас тамса,
Қазақ қызын қорғаштайды қашанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз ары өлеңінің авторы кім?

Қуандық Жолтай — осы өлеңнің авторы.

Қыз ары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз ары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуандық Жолтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз ары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар