Түсімде сені...
- 0
- 0
Қиялым шынайы боп көріне ме?
Сен жайлы түстерімнің көбі неге?
Өзіңді көріп жүрген түстің бəрі,
Айналатын шығар бір күн өңіме де.
Бұл бетте «Өзің біл» атты Жомарт Калмуратов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қиялым шынайы боп көріне ме?
Сен жайлы түстерімнің көбі неге?
Өзіңді көріп жүрген түстің бəрі,
Айналатын шығар бір күн өңіме де.
Оранады əсем көп гүлге бұл маң,
Жаныңнан шуақ төккенде тұлғаң.
Тəңір жіберген періштесің-ау,
Қараңғылықты шектеуге туған.
Арналып өлеңдерім қызға дара,
Көңілім қалып қойды мұз далада.
Адамға сонша қайғы беретіндей,
Ғаламда қосылмаған біз ғана ма?
Мен өзімді кінəлідей сезінемін !
Сол ағаммен өлеңімде кезігемін .
Үмітін біз бүгінгі ақтадық па?
Ұят қысып, қайта -қайта езілемін .
Әр сөзі терең оймен жаратылған ,
Ұлы Абайдай дана бар ма дара туған .
175 жылдықты мақсат қылып ,
Қане қазақ жастары қарап тұрман .
Табиғат қандай әсем, керемет неткен!
Сұлулығын көрген жан елең еткен,
Көкжиектен күн шығады бір сәтте,
Сәулесі түсіп, жарқырап, күн де жеткен...
Ispanova_Sh2001
Керемет !