Ақыл #1
- 1
- 0
Қамшының сабындай қысқа ғұмырда
Өкінбей өтуді өмірден ұмытпа
Жақсылық жаса, ешкімді ренжітпе
Ойыңды, ісіңді, тіліңді сұрыпта.
Бұл бетте «Жастарға !» атты Шұғыла Испанова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарным ашып жүрген бүгін мәселе
Неге жүр өз саласын жақсы білмесе
Үгіттейтін насихаттап ерлерді,
Имамдарым көбейіп барады еселе.
Мен бөлекпін өмірім өлең бөлек,
Тәнді дәрі жанды жазған өлең емдеп.
Шимайлап шатпақтай беретінім,
Өлең тірі қалады адам өлмек.
Ағын судай өмір сырғып өтеді екен,
Қыс таяса күннен жылу кетеді екен.
Салынып сары уайымға жүрген кезде ,
Ұйқыданда береке кетеді екен.
Елім үшін істеген тірлігіме,
Біреуге жоқ біреу айтар ерлігіме.
Қолдаушы көп ішінде бір жақыным жоқ,
Қайтем енді бұл заманның кемдігіме.
Неге мен өлең жазам білесіңбе?
Тырысамын заманмен күресуге.
Адамдарға жаным ашып әлек болсам,
Сол адамдар менімен күресуде.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі