Өлең, жыр, ақындар

Абайға арнау!

Әр сөзі терең оймен жаратылған,
Ұлы Абайдай дана бар ма дара туған .
175 жылдықты мақсат қылып
Қане қазақ жастары қарап тұрман.

Қара өлең мен қара сөзден шабыттанам
Құр босқа келе бермейді шабыт маған
Абайдың өлеңінен қанаттанғам
Абай менің дара туған дана тұлғам!

Бабалар көп армандаған азат таңын ,
Ойлайды күні -түні қазақ қамын .
Ал хәкім екі ғасыр бұрын ғана
Ойлап өткен шежіредей қазақ қамын .

Хәкім Абай мақтанышы даламның
Әр баланың болашағын, кетігін тауып қаладың
Сен арқылы бес нәрседен қашық боп,
Бес асылмен мақсатымды қаладым.

Сіңірдім мен өлең сөз бен ақылыңды ,
Шариғат пен құранға бай нақылыңды .
Абай сен үлгі болған мұрасың,
Әр бір сөзді терең оймен құрасың .

Әдебиеттің поэзиясын танытқан ,
Шабыты да сонау көктен шарыққан
Аты өшпес қазағымның жұлдызы ,
Әр бір сөзін жатқа айтар ұл қызы
175 жылыңменен құттықтап
Арнауыңды тілер саған бұл қызың!




Пікірлер (2)

Модератор

Сайысқа қосу үшін bilim2019 ілмегін қосу керек. Ілмектер үтір арқылы қойылады.
Қаламды басып өңдеуге болады.

Гулбахарам

түсіндіріп айтыңызшы не сайыс

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз