Өлең, жыр, ақындар

Абу Фирастан

  • Bain
  • 30.04.2015
  • 1
  • 2
  • 13232
Тағдырдан сұра, қаскүнем,
Бар ма екен менің сасқаным?!
Алысуға бата алмай,
Жалтақтап, сірә, қашқаным?!
Сұрашы қандай шөлдерден
Тұлпарым менің өтпеген!
Қандай асқар таулардың
Төбесіне жетпеген?
Қайда күшті жауым бар
Жолыма бөгет бола алған.
Жорыққа шықсам мен жалғыз:
Тұлпармен қылыш қолға алған.
Жүргенім жалғыз тым артық,
Арыстандай жортқан құмдарда
Болғанша жолдас опасыз
Қатын жүрек құлдарға.



Пікірлер (2)

Амир Шынар

Бұл өте қиын тақпақ екен бір оңайлау тақпақ болса күшті болар еді

Болат

Міржақып Дулатұлының Абу Фирастан өлеңі маған ұнады, Міржақып Дулатұлы тұлға ретінде маған ұнайды

Пікір қалдырыңыз

Терме

  • 1
  • 1

Ғақлы кәміл жігіттер,
Заманның көз сал халына.
Халыкыңның ойла файдасын,
Өзің үшін налыма.

Толық

Мектепке

  • 1
  • 5

Ашық күнде жарқырап,
Жаңа жауған жатыр қар.
Домбықтырып беттерін
Адамдардың тұр ызғар.

Толық

Жас қазақтар, қайдасың?

  • 1
  • 3

Жатпалық, жастар, жатпалық,
Жасқанба, жолың ашылсын.
Бақшасында халықтың,
Бұлбұл боп тілің сайрасын.

Толық

Басқа да жазбалар