Хакім Абай – Nurzhan Baikadamov

Бұл бетте «Хакім Абай» атты Nurzhan Baikadamov жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өрнектеп өлең жазсам өрбітіп бір,
Терең сөзден терілген төр күтіп тұр,
Абай атам абызы Алты алаштың,
Кер заманның кесірін көрді тіпті ұл.

Құлагердей құнына қарашы өзің
Дара сана дараланған дара сөзін,
Ойдым ойға ормандай ой береді,
Қасиетпен қаланған қара сөзін!

Жырлары Жамбылдайын жақұт алтын,
Шер шығарып шекеден шалқытатын,
Сүйінбайдай сүйкімді сырлы сөзі
Бар бойынды болаттай балқытатын.

Абай атам арыны алатаудай,
Қадірі қасиетті қаратаудай,
Ғалымдардың ғұламасы ғазизы ғой ,
Дөп көреміз дәл өзін дана атауды ай.

Астарлап айтпасын сөз ақын қалай,
Жырдан болған жерұйыққа жақындап ай,
Кербезденген көкіректі көктем еткен,
Халқына хандай болған хакім Абай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хакім Абай өлеңінің авторы кім?

Nurzhan Baikadamov — осы өлеңнің авторы.

Хакім Абай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хакім Абай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Nurzhan Baikadamov өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хакім Абай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар