Үкілі бастар қалғыған

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1496
Келемін бұйратта
Кеудемді керіп, желпініп.
Аспанда бір жақта
Ағылды бұлттар жөңкіліп.
Теңселді ырғалып
Cap бұйра жайсаң алдымнан.
Керіл бұлданып
Үкілі бастар қалғыған.
Жел шіркін шалдуар
Шайқауға соны құмар-ақ.
Ала толқын жалы бар
Бұлттарды келді қуалап.
Әне, дауыл ысқырды,
Аспан сермеді қанжарын.
Үйірлі жәуміт ышқынды,
Сілкінтіп сұп-сұр жалдарын.
Жүгірдім дуылдап
Көтеріп дөңдей кеудемді.
Өлеңмен дүбір сап
Оятып дәнді белдерді:
Ей, долуыр, сап-сап!
Нажағай жалт бер қыныңа!
Жайна күн, нөсерді жасқап,
Тұнып тұр гүлнәр қырымда.
Үзіл, жаңбыр сымдары!
Өрбіген сенен несібе —
Шалқан дән сабағы,
Даламның алтын төсінде
Самса мың-мың саусақтар,
Моторлар бас әлдиге!
Билесін үкілі алқаптар,
Шолпысын қақсын дән Бике.
Жырларым желдей есіл де,
Шерт миллиард дабылын.
Үркіт лайсаң жасағын,
Отанның күмбез төсіне
Тағамын жұлдыздар етіп
Дәннің алтын шашағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үкілі бастар қалғыған өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Үкілі бастар қалғыған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Үкілі бастар қалғыған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үкілі бастар қалғыған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері