Бір Қуаныш – Nurzhan Baikadamov

Бұл бетте «Бір Қуаныш» атты Nurzhan Baikadamov жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жадау тірлік, ой кеміріп, кемді əр күн,
Қаңқу сөзге көндігерме енді əркім?
Əттең көңіл құлазыған ен дала,
Бір ғажабы, жүрегімде сен барсың!

Қаңғып кетті жабағы бұлт бір келмей,
Таулар анау шіренеді қыр көрмей.
Қайран өмір күресінге тастады,
Бір азабы, ұнатқаның сыр бермей.

Ай киімсіз, телміреді тас, талы,
Махаббатшыл сүмбіленің аспаны.
Шіркін сезім мұнар мұңды мезет бұл,
Бір мазағы, қалағаның басқаны...

Таңда атар шекесіне күнді іліп,
Өткенің бе?
Түрлі күмән, түрлі үміт.
О, қылықтым, түр жасанып күлсең де,
Бір өкініш, жабырқауың жырды ұғып.

Ажал епті, ақберенге оқталған,
Тектің қайда түзу сөзге тоқталған?
Беу, дариға, мені әбігер етсең де,
Бір жұбаныш, ар алдында сотталған.

Қалу үшін ғапыл болмай, жақсы атқа,
Қобалжыма, нық сенімді ақсатпа!
Шын бақытың теріс қарап күтсе де,
Бір қуаныш, ұмтылуың мақсатқа...

 Р.S.  Ол тағдырың болар бәлкім бас тартпа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір Қуаныш өлеңінің авторы кім?

Nurzhan Baikadamov — осы өлеңнің авторы.

Бір Қуаныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір Қуаныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Nurzhan Baikadamov өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір Қуаныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар