Қарапайым адаммын – Төлеген Құмарұлы

Бұл бетте «Қарапайым адаммын» атты Төлеген Құмарұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Топқада талай барғамын,
Ортаны солай жарғамын.
Құнттап жүріп жалықпай,
Ақындық атты алғамын.

Əн менен терме жазамын,
Домбырадан аманмын.
Жұмысын істеп қоғамның,
Жырлаймын жырын заманның.

Өткенді айту арманым,
Көргенді айту талғамым.
Өмірден талай екшеліп,
Ұрпақтар алар қалғанын.

Жақсыға еріп келемін,
Жаманға сырт беремін.
Соғымын сойып көршімнің,
Қайысын істеп беремін.

Тамбаған отын жағамын,
Малын да қосып бағамын.
Үлкенге бала, бауыр боп,
Кішіге əке, ағамын.

Негізгі саты орыным,
Əділдік болған форымым.
Көш жолмен тоған жөндетіп,
Аударып тастап қорымын.

Дамуға елді бастаймын,
Пайдалы істен қашпаймын.
Залалды қаңқу сөз болса,
Бетінен алып тастаймын.

Сəбиді шетпе емдеймін,
Мертікті аздап жөндеймін.
Көшпенді жүрген малшыны,
Лоңқа мен шөппен емдейім.

Отбасына бәйек боп,
Істерді теріс тосамын.
Ұрпаққа болып өнеге,
Қоғамға үлес қосамын.

Бөзегі болмай наданның,
Пайдасымын адамның.
Нық басып жүрген қадаммын,
Қарапайым адаммын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарапайым адаммын өлеңінің авторы кім?

Төлеген Құмарұлы — осы өлеңнің авторы.

Қарапайым адаммын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарапайым адаммын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Төлеген Құмарұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарапайым адаммын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері