Сүйме мені

Бұл бетте «Сүйме мені» атты Махаббат Самрат жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өзгені сүй, сүйме мендей жанды,
Менен шықпайды қыз ұнамды.
Желмін, арпалысып қайтесің?
Тірлік қылмаймын жағымды.

Білемісің, сүйген едім өзгені мен,
Үмітпен уақытым сонда кеткен.
Гүл де сыйламайтын, өлең де арнамайтын,
Алайда, жанарының отына күйген ем.

Махаббатты кім-қалай ұғынады?
Байқағаным, сезім сенімсіздік құрбаны,
Күндерін артқа тастап айлар өтсе де,
Шыдамды ғана сенімсіздікті ұтады.

Мен жеңілдім, атпай жатып сезім таңы,
Өйткені ақын қыз адалдықты ұнатады.
Сенім болмаса, сезім оты бір-ақ тұтам,
Сондықтан, қыз жүрегі жалғыз қалды.

Өзгені сүй, сүйме мені, күйерсің,
Тұрақсыздық менің досым білерсің.
Сүйіп жарытпаған соң бұл күні,
Ақын болып өлең жаздым не істерсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйме мені өлеңінің авторы кім?

Махаббат Самрат — осы өлеңнің авторы.

Сүйме мені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйме мені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Махаббат Самрат өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйме мені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер