Сен менің құшағымда – Мөлдір Дарханбаева

Бұл бетте «Сен менің құшағымда» атты Мөлдір Дарханбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен менің құшағымда,
Шынында енді, шырайлым
Болмайсың ба?
Бағаламай бағымды тұсадым ба?
Қалай ғана шыдаймын
Ондай сынға...

Жүрегім қақ бөлініп
Азабын-ай, барады
Алқымды алып
Сезіміміз тұрғанда отқа өріліп
Отырмашы сүйіктім, салқын қалып...

Сыздайды жаным, ерек
Сезесің бе боранды
Ішімдегі?
Өз күнәмның жүзімді жалыны өбет
Өңім бе бұл? Қараңғы
Түсім бе еді?

Сені енді көрмеймін бе?
Қайдан ғана кезікті
Азаптар бұл?...
...Көп ренжітсең осылай тергейді де...
Аз-ақ қалғыр, азалы тозақ-тағдыр...

Кешір мені...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар