Бұл бетте «Днепрде» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тулай ағып тынымсыз,
Дүрілдеген Днепр.
Жағасында сұлу қыз,
Жыламсырап неге тұр?
Алып қашып келеді,
Қайықты бос толқындар.
Қайғырғаны сол еді —
Келмеген соң қайтып жар.
Қалды ма екен толқында,
Аударылып қайықтан?..
Әлде жары тағы да,
Келер ме екен ғайыптан.
Ағып жатыр Днепр,
Толқындатып үмітті.
Көрінер деп көзге бір,
Қарап жарын қыз күтті..
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі