Бұл бетте «Қызыл нажағай» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қараңғы түнде жарқылдап,
От жұлдыздай көрінген.
Құдіретпен шартылдап,
Германия көгінен.
Күркіреп қызыл нажағай
Түскенде көрдім ғажапты.
Қопарып тасын жағалай,
Қиратып кетті дозақты!
Түн ішінде дүние,
Тітіреніп тұр еді.
Жарқ ете қап күн, міне
Жоғалды әлек түнегі.
Неткен күшті керемет,
Неткен қызыл Нажағай!
Соны көріп күлімдеп,
Қуандым жас баладай!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі