Сен менің құшағымда – Мөлдір Дарханбаева

Бұл бетте «Сен менің құшағымда» атты Мөлдір Дарханбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сен менің құшағымда,
Шынында енді, шырайлым
Болмайсың ба?
Бағаламай бағымды тұсадым ба?
Қалай ғана шыдаймын
Ондай сынға...

Жүрегім қақ бөлініп
Азабын-ай, барады
Алқымды алып
Сезіміміз тұрғанда отқа өріліп
Отырмашы сүйіктім, салқын қалып...

Сыздайды жаным, ерек
Сезесің бе боранды
Ішімдегі?
Өз күнәмның жүзімді жалыны өбет
Өңім бе бұл? Қараңғы
Түсім бе еді?

Сені енді көрмеймін бе?
Қайдан ғана кезікті
Азаптар бұл?...
...Көп ренжітсең осылай тергейді де...
Аз-ақ қалғыр, азалы тозақ-тағдыр...

Кешір мені...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен менің құшағымда өлеңінің авторы кім?

Мөлдір Дарханбаева — осы өлеңнің авторы.

Сен менің құшағымда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен менің құшағымда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мөлдір Дарханбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен менің құшағымда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар