Өлең, жыр, ақындар

Гүл

  • Bain
  • 30.04.2015
  • 1
  • 5
  • 18997
(A. С. Пушкиннен)

Кітаптың арасында ұмыт қалған
Иіссіз кепкен гүлді көзім шалған.
Тоқталып біразырақ сонда мені
Мінеки қиялдарым ойыма алған:
Қайда өстің? Қай уақытта? Қайсы жазда?
Кескен кім? Көгердің сен көп пе, аз ба?
Жақынның яки жаттың қолыменен
Салындың не себептен сен осында?
Қызыққа қосылып молыққанда
Айрылған белгісі ме торыққанда?
Оңаша сахарада сайран етіп,
Ағаштың саясында жолыққанда.
Жүр ме екен сол жас әлі тірі?
Қайда екен бишаралар осы күні?
Болмаса кеуіп, семіп қалды ма екен?
Белгісіз мынау гүлдей болып түрі?



Пікірлер (5)

Сара

Мен 5- сынып оқимын
Осыны кім жассада Алла тағала сауабын мол қылсын.

Ерасыл

Мен ризамын кім жазды өзім бір балаларға арнасам болады

Ерасыл

Маған. Жұмбақтар керек

Myrza

Өте керемет!

Раушан

Күшті болды анық

Пікір қалдырыңыз

Шатлық

  • 1
  • 0

Хайырлы сағат. Алашқа бірдей шатлыққа,
Сабыр етіп, сарғайып жеттік ақтыққа.
Сілік үстіңнен шаады, қазақ баласы,
Жетер енді, оянбай біраз жаттық та.

Толық

Көңіліме

  • 1
  • 2

Күлімсіреп сілкін, көңілім, жабықпай,
Шыда көніп ауырлыққа, талықпай.
Еркін ойлап ерігетін күн болар,
Сыр көрсетпей, шық өткелден тарықпай.

Толық

Сұлу қызға

  • 1
  • 2

Сұлу қыз, қалың елден сені таптым,
Көрдім дө тамашаңа белден баттым.
Майысқан алтын айдар еркесісің.
Оянған ұйқысынан табиғаттың.

Толық