Ғашықтар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ғашықтар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 901
Қызыл-жасыл көктемде
Қызғалдақты беткейге
Қыз бен жігіт кетпей ме,
Əңгіме, сыр шертпей ме...
Бұлт бауыры сөгіліп,
Ақ нөсерін сеппей ме?!
Бұлт жеңкіліп қашпай ма,
Алатаудан аспай ма,
Күн дидарын ашпай ма,
Ғашықтардың үстіне
Нұрдан шашу шашпай ма?!
Күн жиекке батпай ма,
Жерді ымырт жаппай ма,
Ай бозарып атпай ма...
Көкте жұлдыз жамырап,
Анда-санда ақпай ма?
Жұлдыз жəймен сөнбей ме,
Қыз жігітке сенбей ме,
Құшағына енбей ме,
Қайда барса, көнбей ме...
Ал сонан соң... Ауылға
таң алдында келмей ме?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері