Абақтыдағы Әлиханның сөзі – KarashashMaratova

Бұл бетте «Абақтыдағы Әлиханның сөзі» атты KarashashMaratova жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ей, дүние, жемтігісің арамның,
Тек ұлтымның тағдырына алаңмын.
Осы жолда құмға айналып жігерім,
Қап-қараңғы тар қапасқа қамалдым.
Ұлтты сатып, қашқан жоқпын жыраққа,
Сабыр болса төземін ғой, сынаққа.
Тұсаулы аяқ, қолда кісен болғанмен
Тілімді ешкім байлай алмас бірақта.
Кінәм бе екен Автономия құрғаным,
Өз ұлтымды түзу жолға бұрғаным.
Қазағым-ай мен-ақ бола салайын
Осы жеңіс жолындағы құрбаның
Маңдайыма жабысты кеп сор қалың,
Кінәм бе екен қазақ жайын шолғаным.
Бұқаралық ақпараттың күшімен
Қазақ рухын қайта оятпақ болғаным.
Мен тектімін, намысты едім көнеден,
Себебі оның қазақ деген өр ел ем.
Билігінен аластатты үкімет
Ата тегім тараса да төреден.
Менің ұлттық намысыма төнген кім?
Іште соры қайнаған ер ол менмін.
Сол бір "Қайран үндеуіне" қол қойып
Құқығымның әлсіздігін көргенмін.
Суығын-ай мына тап-тар бөлемнің.
Шықсадағы көкейімнен азалы үн,
Тартсамдағы бұл жалғанның азабын.
Көк бөрідей қыңқ етпейтін намысты,
Мен өлсемде өле қоймас қазағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абақтыдағы Әлиханның сөзі өлеңінің авторы кім?

KarashashMaratova — осы өлеңнің авторы.

Абақтыдағы Әлиханның сөзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абақтыдағы Әлиханның сөзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде KarashashMaratova өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абақтыдағы Әлиханның сөзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар